Өзбекстанға ұшақ рейстері басталды

Түркия мен Өзбекстан лауазымдылары ұшақ рейстерінің 2 қыркүйекте қайта басталуына шешім қабылданды.

1483086
Өзбекстанға ұшақ рейстері басталды

Түркия мен Өзбекстан арасында жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті тоқтап қалған ұшақ рейстері бүгін қайта басталды.

Қатынас және инфрақұрылым министрлігі мен Өзбекстан Қатынас министрлігі лауазымдыларының 24 тамыздағы кездесулерінде ұшақ рейстерінің 2 қыркүйекте қайта басталуына шешім қабылданды. 

Аталмыш кездесулерде Ковид-19 індеті аясында елдердің жасаған сақтық шаралары бағаландырылды.

Әуежайлар мен әуе жолы фирмаларының атқаратын шараларына байланысты Қатынас және инфрақұрылым министрлігі тарапынан жарияланған тәртіптер жөнінде Өзбекстаннан келген лауазымдыларға мәлімет берілді, ұшақ рейстерінің қайта бастауына келісім жасалды.



Ұқсас жаңалықтар