Комратта Түрік бас консулдығы ашылды

Түркия мен Молдова арасындағы қатынастар жоғары деңгейде.

1480274
Комратта Түрік бас консулдығы ашылды

Гагауыз елі автономдық аймағының төрайымы Ирина Влах Молдоваға қарасты Гагаузияда Түркияның Комрат бас консулдығының ашылу салтанатына қатысты. “Бас консулдықтың ашылуы әрі Гагаузия, әрі Молдова үшін маңызды қадам.  Осы тұрғыдан баршаны құттықтаймын. Бұл бізге керек еді” деді ол. 

Түркияның Гагаузияға құрылғаннан күннен бері көмек беріп келе жатқанын атап айтқан Влах: “Екі халық арасында мәдениет, әлеуметтік,  экономика саласында байланыстар жоғары деңгейге жетті.  Ынтымақтастық жетілді.  Түркияның аймақта жүзеге асырған жобалары еліміздің дамуына көмектесті” деді. 

Влах Молдова мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде екеніне назар аударып: “Гагаузия екі ел арасындағы қатынастардың одан әрі жетілуі тақырыбында үлкен әлеуеті бар.  Осы жерде тоқтап қалмауымыз керек, бірге алға жылжуымыз қажет” деді. 

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Молдова Сыртқы істер министрі Олег Цулия Молдованың тәуелсіздігінің 29 жылдығында Түркияның Комратта бас консулдық ашуының үлкен қуаныш екенін айтты. 

“Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Молдова халқымен ұлттық мерекемізді тойлауы біз үшін маңызды. Бұл елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі мен сапасын көрсетеді” деді ол. 

Түркиямен экономикалық қарым-қатынастарды одан сайын нығайтқысы келетіндерін білдірген министр: “Біз Молдова мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың тығыз болуын қалаймыз. Түрік инвесторлардың,  түрік компанияларының Молдоваға келуін қалаймыз. Осылайша 1 миллиард доллар сауда көлеміне қол жеткізуді жоспарлап отырмыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар