Вакцина үшін Қазақстан делегациясы Мәскеуге барады

Тоқаев Ресей вакцинасын сатып алу мақсатымен  Қазақстаннан  Мәскеуге үкімет делегациясы жіберілетінін білдірді.

1473049
Вакцина үшін Қазақстан делегациясы Мәскеуге барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей вакцинасын сатып алу мақсатымен тамыз айының екінші жартысында Қазақстаннан  Мәскеуге үкімет делегациясының жіберілетінін білдірді. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әлемде алғашқы болып тіркелгеніне орай Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау хат жолдады. 

Тоқаев хатында "Бұл жаңалық Ресей ғылымының жоғарғы әлеуетін және абыройын дәлелдеуде. Барша әлем  қиын күндер кешірген осы кезеңде елімізге дәрігерлер мен гуманитарлық жәрдем жібердіңіз. Қазақстанға жасаған қолдауыңызға орай шын жүректен алғыс айтамын" деп жазды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының өте жақсы өреде екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар