Армения мен Ресей бірлескен жаттығу бастады

Арменияда Ресеймен бірлескен әуе қорғаныс жаттығуы  басталды.

1460636
Армения мен Ресей бірлескен жаттығу бастады

Армения Қорғаныс министрлігінің өкілі Шушан Степанян Ресей мен Арменияның  аймақтық бірлескен әуе жаттығуларын өткізіп жатқанын мәлімдеді.

Бүгін Арменияда Ресеймен бірлескен әуе қорғаныс жаттығуы  басталғанын білдірген Степанян өзінің мәлімдемесінде жаттығудың мақсаты «қару-жарақты ұшқышсыз ұшу аппараттарына  қарсы күрес әдістерін зерттеу» деп мәлімдеді.

Ол жаттығу барысында қару-жарақты ұшқышсыз ұшу аппараттарына  қарсы күрестің жаңа әдістерін жетілдіретіндерін білдірді. «Оқу-жаттығуға Ресей мен Арменияның әуе қорғаныс жүйелерінің қолбасшылары, ресейлік және армяндық әскери ұшақтар және армян армиясының әуе қорғаныс жүйесінің барлық бөлімшелері қатысады» деді ол.

Жаттығудың қашан аяқталатыны туралы ақпарат берілген жоқ.



Ұқсас жаңалықтар