Әзірбайжан Түркиядан адамсыз көлік алады

Әзірбайжан Түркиядан қарулы адамсыз әуе көлігін (SİHA) алатынын жариялады.

1441037
Әзірбайжан Түркиядан адамсыз көлік алады

Әзірбайжан Түркиядан қарулы адамсыз әуе көлігін (SİHA) алатынын жариялады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов  бір телеарнаға берген сұхбатында Әзірбайжан армиясының жаңа қару мен көлік алуына байланысты бағаландыру жасады.

Бағдарлама жүргізушісінің "Түркияда өндірілген қарулы адамсыз әуе көліктері Сирия мен Ливияда табысқа жетті. Әзірбайжанның Түркиядан осы көліктерден алу ниеті бар ма?" деген сұрағына Закир Хасанов:

"Бұл жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Жақында нәтижесін көреміз" деп жауап берді.

Минитср Хасанов бауырлас Түркияның әскери салада Әзірбайжанға қаржылай жәрдем бергенін, Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісінің жақында осы тақырыптағы келісімді мақұлдағанын атап көрсетті.    



Ұқсас жаңалықтар