Диаспора үшін жаңа журнал жарық көрді

“Мемлекетім” атты журнал “Мықты диаспора, Мықты Түркия” деген ұранмен жарық көрді.

1407454
Диаспора үшін жаңа журнал жарық көрді

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының үш айда бір шығатын “Мемлекетім” атты журналы “Мықты диаспора, Мықты Түркия” деген ұранмен жарық көрді. 

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен әлеуметтік желіден осы оқиғаға байланысты жазба жариялады. Ол журналдың жарыққа шығуын “YTB-ден 10 жылдық мерейтойға тосын сыйы” деген сөздермен хабарлады. 

Ерен журналдың бірінші санының басқарманың он жылдығына арналып “Мықты диаспора, Мықты Түркия” деген тақырыппен шыққанын айтты. 

“Диаспорамыздан көңілімізден кетпейтін жағрафияға дейін мазмұны бай “Мемлекетім” атты журнал шыға бастады. Құтты болсын! Еңбегі сіңген барша жолдастарыма алғыс” деп жазды. 

Журналды YTB-нің интернет адресінен (http://ytb.gov.tr/edergi) оқуға болады.



Ұқсас жаңалықтар