Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салады

Геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды.

1361404
Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салады

Қазақстан келесі бес жылда геологиялық барлау жұмыстарына 2,6 миллиард доллардан көп инвестиция салуды жоспарлап отыр.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин басшылығында өткен Үкімет отырысында Геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды.

Үкімет мәлімдемесінде болашақ мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы геологиялық саланың инвестициялық тартымдылығын арттырып, Қазақстанды геологиялық барлаудың әлемдік нарығына шығаруға бағытталғаны атап көрсетілді.

Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның атқарылуы үшін мемлекеттің бюджетінен 200 миллиард теңге бөлінуі күтіледі.  Мәлімдемеде «800 миллиард теңге жеке меншік сектордан келеді деп көзделуде» деп айтылды.

Бағдарлама шеңберінде айырықша топырақтың 100 пайыз зерттелуі,  50 шақты қатты минерал алаңының анықталуы да мақсат етіледі.

Айырықша Геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан кейін кен резервтері алтында 200 тонна, бақырда 5 миллион тонна, уранда 50 мың тонна артатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар