Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен барды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда әріптесі Мұхтар Тілеубердімен бас қосты.

1351615
Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен барды
Muhtar Tleuberdi-Mike Pompeo.jpg

Помпео кездесудің артынан ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында «Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев демократияның экономикалық дамуын нығайтуға бағытталған бағдарламалық реформалары туралы, сондай-ақ қоғамның Үкіметке деген сенімін нығайту туралы баяндады. Біз бұл қадамдарды қолдаймыз», - деді.

Қазақстанның елдермен ынтымақтастық құру жөнінде таңдау еркіндігі болғанын атап көрсеткен Помпео «Америкалық компаниялармен серіктес болу кез келген мемлекет үшін жақсы нәтиже көрсететініне сенімдімін. Бұл өте жақсы келісімдер, олар жұмыс орындарын ашады. Келісімдердің ашықтығы және жұмыс сапасын қамтамасыз ету - америкалық жүйе дәл осылай жұмыс істейді» деді.

Помпео Ауғанстанда бейбітшілікті орнату және тараптардың тыныштық сақтауымен байланысты талпыныстары үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Ирак және Сириядан шетелдік террористтер мен олардың жанұяларын елге қайта оралуы тақырыбында Қазақстанның басшылығына назар аударған Помпео бұл жұмыстың басқа елдерге шабыт бергенін тілге тиек етті.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді болса «АҚШ-тың аймақта ұзақ мерзімді болуы Орталық Азия аймағының экономикасына инвестициялар мен технологияларды тартуды жандандырады, елдеріміздің өмір сүру сапасын жақсартады» деді.



Ұқсас жаңалықтар