Республиканың 96 жылдығы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тойлануда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) 29 қазан Республика мерекесі рәсімдермен басталды.

1296512
Республиканың 96 жылдығы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тойлануда

Бас қала Лефкошада (Никосия) Ататүрік ескерткішіне қойылған гүл шоғымен басталған рәсімге СКТР президенті Мұстафа Акынджы, Премьер-министр Эрсин Татар, Түркияның Лефкоша өкілетті елшісі Али Мурат Башчери, министрлер, депутаттар, әскери лауазымдылар, саяси партиялардың төрағалары мен өкілдеріне қоса басқа да басшылар мен азаматтар қатысты.

Әнұранмен басталған рәсімде президент Акынджы Ататүріктің ескерткішіне гүл шоғы қоған соң арнайы естелік кітапшасына «Ұлы көсем Ататүрік демократиялық басқарудың толық және керемет бір түсініктемесі ретінде атаған Республика бүгін 96 жасқа толды. Түркия Республикасы құрылғанда өзіне принцип болып қабылдаған сіздің демократия, зайырлық, замандас және бейбітшілік түсінігі қазір де бір қалыпты Кипр түрік халқына жетекшілік жасауда» деп жазды.

Ел көлемінде 29 қазан Республика мерекесі ретінде күнімен тойланады.



Ұқсас жаңалықтар