Түрік Кеңесі Венгрияда өкілеттік ашады

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Стамбулда бас қосты.

1248415
Түрік Кеңесі Венгрияда өкілеттік ашады

Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің басшылығындағы жиналысқа Сыртқы істер министрі орынбасары Явуз Селим Кыран, Әзірбайжан Сыртқы істер министрі орынбасары Рамиз Хасанов, Қазақстан Сыртқы істер министрі 1-орынбасары Мұхтар Тлеуберді, Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хатшысы Айбек Омокеев және кеңестің бақылаушы елі Венгрия Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі орынбасары Тамас Менжзер қатысты.

Тараптар Кеңестің Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде ұйымдастырылатын 7-ші басшылар саммиті мен Нахичевань келісімінің 10 жылдығына орай пікір алмасты.

Жиналыста сөз алған Әміреев «Жиналыста Венгрияда Түрік Кеңесіні таныту мақсатты өкілеттік ашу жөнінде хаттаманың соңғы сатысын талқыладық. Қазан айында Бакуде болып өтетін 7-ші Түрік Кеңесі басшылар саммиті аясындағы іс-шаралар мен бағдарламаларды егжей-тегжейлі қолға алдық. Осыған қоса Қазақстан ұсынған Түрік ынтымақтастық ұйымдарының құрылымдық реформаларын қолға алдық» делінді.

Еуропада өкілеттік ашу процесін де бағалаған Әміреев қазірше мүше болмаған Түрікменстан және Өзбекстанмен жүргізілетін «ортақ жұмыс жоспарына» да тоқталды.

Венгрияда өкілеттік офисі ашуға бағытталған хаттаманың алдағы күндерде сыртқы істер министрлерінің бекітілуіне ұсынылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар