«Тарих жасаған тұлға» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарих жасаған тұлға» атты кітапттың тұсаукесер рәсімі өтті.

1222349
«Тарих жасаған тұлға» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

«Тарих жасаған тұлға» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақстанның Анкара елшілігінің үй иелігінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Tarih Yapan Adam» («Тарих жасаған тұлға») атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Түркі Кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор Әділ Ахметов, елші Халил Акынжы, АНКАСАМ зерттеу орталығының бас кеңесшісі, профессор Синжер Имер, Анкара Саясат орталығының директоры Хасан Канболат, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, Саясат, экономика және қоғамды зерттеу қорына (SETA) қарасты Сыртқы саясатты зерттеу орталығының директоры, профессор Мұхиттин Атаман және Түркияның белгілі саясаттанушылары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, дипломатия мекемелерінің өкілдері қатысты.

Кітапта Қазақстанның іргесін қалап, тәуелсіз мемлекетімізді бүкіл әлемге танытқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті--Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы мен қайраткерлігі, парасат биігінен көрінер тұлғалығы мен адамгершілік асыл қасиеттері, Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасаған әлемдік маңызы бар игілікті істері туралы баяндаған толғаныстары мен естеліктері топтастырылған.

Жиынды ашқан елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тәуелсіздігінің беки түсуіне сіңірген зор еңбегін атап өтіп, биыл қабылдаған тағдырлы шешімнің нәтижесінде жаңа Мемлекет басшысы болып Қ.Тоқаевтың сайланғанын айтты. Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатының Елбасы салған сара жолмен дами беретіндігін, Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың жаңа деңгейге жеткендігін және әрі қарай қарқынмен күшейе беретіндігін жеткізді.

Түркия Президентінің Бас ақылшысы  Ялчын Топчу өз сөзінде тұсауы кесілген кітапты аса құнды еңбек деп бағалады. «Біздер – түркі халықтары жетістіктерімізбен мақтануымыз керек. Мақтанып қана қоймай, болашақ ұрпаққа, өскелең жас буынға жеткізуіміз керек» деді Ялчын Топчу.

Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстанның әрі аймағында, әрі әлемде үлгілі  бір ел екенін айтты.

Құттықтау сөз сөйлеген профессор Әділ Ахметов түркі тарихының бүкіл әлеммен тамырлас екенін айтып, сол тамырдан нәр алған бүгінгі ұрпақ жаңа дәуір бастап жатқандығын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар