Волейболдан түрік дүниесі жастарының турнирі болып өтті

Анкарада ұйымдастырылған волейболдан түрік дүниесі жастары турнирінің жеңімпазы Ноғай Орда командасы болды.

1156035
Волейболдан түрік дүниесі жастарының турнирі болып өтті
IMG-20190301-WA0101.jpg
IMG-20190301-WA0087.jpg
IMG-20190301-WA0078.jpg
IMG-20190301-WA0064.jpg

Турнирге Ноғай Орда командасына қоса Гази (Түркия), Дурналар (Әзірбайжан), Ясауи (Қазақстан), Қырғызстан, Түрікменстан, Минги Тау (Қарашай-Малқар), Түріксой және Теңір тау (ұйғыр) командалары қатысты.

Халықаралық Түріксой ұйымы, Шетелдік түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы және Хаджы Байрам Уәли Университеті ынтымақтастығымен тұңғыш рет ұйымдастырылған турнирде ноғай түріктері ақтық сайыста Түрікменстан командасын 2-1 жеңді.

Түркияда білім алып жатқан түркі әлемі жастарының бірлік пен ынтымақтастық қарым-қатынастарын жетілдіру мақсатты ұйымдастырылған және 9 команда жарысқан турнирде Әзірбайжан үшінші, Қазақстан төртінші орынды иеледі.

Салтанатты марапаттау рәсімінде сөз айтқан Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов түрік халықтарының достығының ең үлкен сыйлық екенін атап турнирге қатысқан командалардың мұны дәлелдегенін атап көрсетті.

Ноғай орда командасы жастарына медальдарын тапсырған Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы Ноғай Орда командасын құттықтап, жастардың спорт арқылы орнатқан достықтың мәңгі болуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар