Будапештте «Түрік әлемі әуендері» концерті болды

Қазақстанның Қызылорда Камералық оркестрінің сүйемелдеуіндегі концертке мажар өнерсүйер қауым үлкен қызығушылық танытты.

1152844
Будапештте  «Түрік әлемі әуендері» концерті болды

Венгрияның бас қаласы Будапештте кеше «Түрік әлемі әуендері» концерті болды.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой,  Түркияның Венгриядағы өкілетті елшілігі және Юнус Эмре Институты бірігіп, Будапештте концерт өткізді.

Қазақстанның Қызылорда Камералық оркестрінің сүйемелдеуінде қазақ,  әзірбайжандық, қырғыз және түркиялық музыканттардан тұратын оркестрдің концертіне мажар өнерсүйер қауымы үлкен қызығушылық танытты.

Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов оркестрде Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстаннан музыканттар орын алғанын және мажар музыканттардың да қосылуын тілейтіндерін айтты.

Қасейіновтың айтуынша, Түріксой Венгрияда бірінші рет бір бағдарлама ұйымдастырды және өте сәтті өтті.

Юнус Эмре Институты басшысы Шереф Атеш те институттың Будапешттегі іс-шаралары арқылы түрік және мажар халқын жақындастыруға тырысқанын,  осы концертте де түркі халықтарын мажарға таныстырғанға қуанышты екендерін айтты.

Концертке Түркияның Венгриядағы өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Акиф Октай мен Венгрия Түрік істері кеңсесі басшысы Йанос Ховари, Әзірбайжан мен Қазақстан мемлекеттерінің өкілетті елшілері де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар