Иран мен Әзірбайжан арасында келісім
Келісім арқылы Астара жылғасы төңірегіндегі су тасқынының алдын алу мақсат етілуде.
Иран мен Әзірбайжан арасында шекара күзет арасында келісім жасалды.
Иранның Астара және Әзірбайжанның Ленкеран шекара күзет бөлімшелері арасында қол қойылған келісім арқылы Астара жылғасы төңірегіндегі су тасқынының алдын алу мақсат етілуде.
Иранның солтүстігіндегі Гилан уәлаятына қарасты Астараның шекара қолбасшысы полковник Нозер Муради мен Әзірбайжанның Ленкеран шекара қолбасшысы Решад Абдуллахов Гиланда бас қосты.
Екі қолбасшы кездесуден кейін баспасөз өкілдеріне мәлімет берді. муради Астара мен Ленкеран арасында келісімге қол қойғандарын білдірді. «Жылғаның тасуынан туындаған су тасқындары шекара тұрғындарына үлкен зиян тигізеді. Жаңа келісімді жүзеге асырып, су тасқындарының шекарадағы ауылдарға зиян келтіруіне кедергі боламыз» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөз басталды
Кездесудің негізгі күн тәртібі - екі ел арасындағы шекара мәселесі.