Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегациясы Астанада

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлыттық Мәжілісі делегациясын қабылдады.

1095309
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегациясы Астанада

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төраға уәкілі Мұстафа Шентоп пен қасындағы делегация Қазақстанда ресми байланыстарын жалғастырды.

Ақордада Халықаралық парламентарлар конференциясына қатысқан Шентоп Қазақстанның сыртқы саясаттағы абыройының күн өткен сайын артқанын атап көрсетті.

Шентоп «Қазақстанның Сирия тақырыпты 11-ші Астана процесі келіссөздеріне қонақжайлық жасағанына және ядролық қарусыздану тақырыбынан бастап ықпалды бастамаларымен сыртқы саясаттағы абырой мен сыйын күн өткен сайын көтерген бір актер ретінде алға шығуына қуанамыз» деді.

Түркия-Қазақстан парламенттері арасындағы достық тобы төрағасы Мезмет Али Джевхери болса екі елдің ортақ тарихи тектен келе жатқанына назар аударды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Шентоп басшылық жасаған Түркия делегациясын қабылдады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынған бас қосуда Шентоп Нығматулинге ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырымның алғыс хатын табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар