Түркия мәжілісі делегациясының Астана сапары басталды

Түрік делегациясы халықаралық конференцияға қатысады.

1094777
Түркия мәжілісі делегациясының Астана сапары басталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасының орынбасары Мұстафа Шентоп және Түркия-Қазақстан Парламенттері арасындағы Достық тобының төрағасы Мехмет Али Джевхеридің Қазақстандағы ресми сапары басталды.

«Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференцияға қатысу мақсатымен Астанаға келген Түркия мәжілісінің делегациясын Халықаралық Н. Назарбаев әуежайында Қазақстан Парламентінің депутаттары қарсы алды.

Сапардың бірінші күні Астана Опера және балет театрын аралағын Мұстафа Шентоп және Мехмет Али Джевхери артынан Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына барды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасының орынбасары Мұстафа Шентоп және Түркия-Қазақстан Парламенттері арасындағы Достық тобының төрағасы Мехмет Али Джевхеридің Астанадағы кездесулері 27 қараша күніне дейін жалғасады.  Сапар аясында Шентоп пен Джевхеридің Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллинмен бас қосуы жоспарланды.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар