Өзбекстан мәжіліс басшысы Бішкекте

Исмаиловты президент Жээнбеков қабылдады.

1089367
Өзбекстан мәжіліс басшысы Бішкекте

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бас қала Бішкекте ресми сапармен жүрген Өзбекстанның Мәжіліс төрағасы Нурдинжан Исмаиловты қабылдады.

Қабылдауда Жээнбеков екі ел қарым-қатынастарындағы жақындыққа назар аударып: «Өзбекстанмен бауырластық қатынастарымыз біз үшін маңызды. Қырғыз-өзбек қатынастары және жақсы көршілік байланыстары жетіліп келеді.  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің саяси ерік-жігері және нақты қадамдарының арқасында қырғыз-өзбек ынтымақтастығы жоғары деңгейге көтерілді. Өзбекстанға ресми сапарым барысында екі жақты проблемалардың барлығы шешілді» деді.

Президент екі ел арасындағы жақсы байланыстардың күн сайын нығайып келе жатқанын атап көрсетті.

Өзбекстан мәжіліс төрағасы Исмаилов та өздеріне деген шынайы ықылас үшін алғыс айтып,  60 жасқа толған Жээнбековты құттықтады.

Мәжіліс ғимаратында өзбек әріптесімен бас қосқан Қырғызстан мәжіліс төрағасы және ТүрікПА кезекті басшысы Дастанбек Жумабеков Исмаиловты 20-21 қараша күндері Измир қаласында өтетін ТүріпПа жиналысына шақырды.



Ұқсас жаңалықтар