Астанада өзбек мәдениеті шарасы өткізілді

Өзбек асханасының дәмі тіл үйірген тағамдары ұсынылды.

Астанада өзбек мәдениеті шарасы өткізілді
Астанада өзбек мәдениеті шарасы өткізілді
Астанада өзбек мәдениеті шарасы өткізілді

Өзбек асханасының дәмі тіл үйірген тағамдары ұсынылды.

Қазақстанның бас қаласы Астанада өзбек асханасының дәмі тіл үйірген тағамдары ұсынылды.

Екі күн бойы Астана тұрғындары мен шетелдіктер өзбек палауын жеп, манты мен тандыр наның дәмін татты.

Әрі көрші,  әрі бауырлас елдер Қазақстан мен Өзбекстан ежелгі жібек жолы бойындағы мәдени құндылықтарды бірігіп жандандыру бағытында түрлі шаралар ұйымдастыруда.

«Қазақстандағы Өзбекстан жылы» аясында Қазақ туризм мен Қазақстан Халықтар ассамблеясы Астанада ауқымды шара өткізді. Астана акиматының алдында болған шараға Өзбекстанның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Саидикрам Ниязходжаев та қатысты.

Шара барысында Өзбекстаннан келген аспаздар өзбек палауының түр-түрі,  кішміш, самса мен долма секілді өзбек асханасының таңдаулы тағамдарын ұсынды.

Айырықша халық би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетіп, өзбек әндері шырқалды.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар