Түрік-Өзбек білім беру ынтымақтастығы

Бұхарадағы «Мір Араб» медресесі мен Түркияның төрт университеті арасында келісім жасады.

985919
Түрік-Өзбек білім беру ынтымақтастығы

Өзбекстанның Бұхара қаласындағы «Мір Араб» медресесі мен Түркияның төрт университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өзбекстан Мұсылмандар дін басқармасының шақыруымен осы елге барған кейбір түрік университеттердің ректорлары, проректорлар және теология профессорларынан құралған делегация тарихи Бұхара қаласын аралады.

Өзбекстан Мұсылмандар дін басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ибн Халдун Университеті, Стамбул Сабахаттин Заим Университеті, Кастамону Университеті, Мәрмәр Университеті, Стамбул Университеті, Режеп Тайып Ердоған Университеті және Дижле Университеттерінің ректоры, проректоры, декандары және профессорларынан құралған делегация Өзбекстанға келді. Түрік делегациясы өзбек тарапымен өткізген кездесуде білім беру саласында ынтымақтастық тақырыптарын қолға алды.

Кездесуден кейін Бұхара қаласындағы «Мір Араб» медресесі мен Түркияның Ибн Халдун Университеті, Стамбул Сабахаттин Заим Университеті, Кастамону Университеті және Стамбул Университеті арасында білім беру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Этикеттер: #Өзбекстан , #Стамбул

Ұқсас жаңалықтар