Исаковтың үстінен қылмыстық іс ашылды

Қырғызстанда жемқорлықпен жаппай күрес жүргізілуде.

981887
Исаковтың үстінен  қылмыстық іс ашылды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков жөнінде қылмыстық іс ашылды.

Елде саясат қайраткерлері және мемлекеттік қызметкерлер жөніндегі жемқорлық тергеулерін жүргізген Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитет 8 ай премьер-министрлік қызметін атқарған 40 жасар Сапар Исаковтың үстінен қылмыстық іс ашты.

Исаков бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билінде сыртқы байланыстарға жауапты департамент басшысы міндетін атқарып жүрген кезінде Бішкек орталық жылу мекемесін жаңалау жобасын шетелдік бір компанияға беру үшін саяси күші қолданды деп айыпталуда.

Премьер-министрлік қызметінен босатылғаннан кейін үш рет түсініктеме берген Исаковқа шетелге шығуға да тыйым салынды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кеше Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Идрис Кадыркуловты қабылдап, жемқорлықпен ықпалды түрде күресуін талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар