Ердоған Өзбекстан парламентінде сөз сөйледі

Президент Ердоған Өзбекстанда өзін атажұртта жүргендей сезінгенін айтты.

961514
Ердоған Өзбекстан парламентінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанда өзін атажұртта жүргендей сезінгенін айтты.

Өзбекстан және Оңтүстік Кореяны қамтыған Азия сапарының бірінші аялдамасы Ташкентте жүрген Ердоған кездесулері барысында Өзбекстан парламентінде сөз сөйледі.

Баяндамасында: «Атажұртымызда өзімізді үйімізде секілді сезінеміз» деген Ердоған «Бүгін біз 25 келісім-шартқа қол қойдық.  Бүгінге дейін Өзбекстанмен осыншама көп келісім жасалмаған болатын» деді.

Көңілдердің арасына шекара сызылмайтынын атап көрсеткен президент Ердоған: «Жүректері бір адамдар үшін қашықтықтың мағынасы жоқ. Біздің нанымымызда бауырластық -  ең қымбат қазына.  Өзбекстанның тәуелсіздігін қайтадан алуы өзбек бауырлар секілді түрік ұлты үшін де үлкен мақтаныш болды» деді.

Ердоған «Өзбекстанның жері – берекетті. Бұл жерден барлығы шығады.  Тек жұмыстану керек.  Өзбекстанның қайта шарықтауы кезігде Түркияда барлық көмекке дайын.  Шавкат Мираманович Мирзиеев бауырыма түрік азаматтарына виза жеңілдігін бергені үшін тағы бір рет алғыс білдіремін» деді.



Ұқсас жаңалықтар