Қырғыз үкіметі сенімсіздік вотумын алды

Елде жаңа үкімет үшін жұмыс басталды.

954779
Қырғыз үкіметі сенімсіздік вотумын алды

Қырғызстанда премьер-министр Сапар Исаковтың коалиция үкіметі сенімсіздік вотумын алды.

Парламенттегі оппозиция Атажұрт-Республика партиясы депутаты Жыргалбек Турускулов кеше бес партияның үшеуінің үкіметтен сенім жаңалауын талап еткен еді.

Мәжілістің Атазаң заңнамасы,  Мемлекеттік құрылым,  Сот және құқықтық тақырыптар комиссиясында қабылданғаннан кейін дауысқа салу жүргізілді.

Қырғыз парламенті түстен кейін жаңа үкімет үшін бас қосады.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың қолдауымен премьер-министр болған 40 жасар Исаков экономикадағы табыссыздығы себеп қылып көрсетіліп,  сыналып келген еді.

Исаков елдің 26 жылдағы 28-ші премьер-министрі болатын.



Ұқсас жаңалықтар