Түркістанда халықаралық симпозиум басталды

IV Халықаралық Діни зерттеулер және жаһандық бейбітшілік симпозиумы басталды.

949669
Түркістанда халықаралық симпозиум басталды

Қазақстанның Түркістан қаласында IV Халықаралық Діни зерттеулер және жаһандық бейбітшілік симпозиумы басталды.

Түркия Имам Хатиптіктер фондының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде басталған симпозиумның биылғы тақырыбы – Шығыс-Батыс өркениетінің қалыптасуында тарих, мәдениет,  өнер, философия және дін.

Халықаралық симпозиумға Қазақстаннан және Түркиядан ғалымдармен қоса басқа да шетелдік қайраткерлер келді.

Симпозиумды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университеттің ректорының орынбасары Проф. Мехмет Куталмыш баяндамасымен ашты.

Үш күндік симпозиумның бірінші күні беташар отырысы мен университет студенттерінің қойылымымен жалғасын тапты.



Ұқсас жаңалықтар