Астанада "Алаш әскері" дәрісі

Халықаралық Түрік академиясының «Алаш әскері: тарихтан тағылым» атты дәрісі өтті.

905715
Астанада "Алаш әскері" дәрісі

Қазақстанның бас қаласы Астанада Халықаралық Түрік академиясының «Алаш әскері: тарихтан тағылым» атты дәрісі өтті.

Ұлттық академиялық кітапханада өткен  «Алаш әскері: тарихтан тағылым» атты Түрік әлемі тұлғалар мұрасы семинарына Әзірбайжанның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Рашад Мамадов, Жапонияның өкілетті және төтенше елшісі Иширо Кавабата, қазақ депутаттар мен көптеген қонақ қатысты.

Дәрістің беташар баяндамасын оқыған Халықаралық Түрік әлемі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі осы шараны өткен жылы бастағандарын айтып «Алғашқы дәріс татар зиялы Абдурашит Ибрахим және Жапониядағы мұсылмандар тақырыбында болатын.  Екінші дәрісімізді Алашқа арнадық» деді.

Дәріс барысында Алаш Орда үкіметінің ұлттық армиясының тарихы талқыланды. Тарихшы Берік Әбдіғалидің кітабының тұсауы кесілді.



Ұқсас жаңалықтар