Мұстафа Шоқайдың өкіл ұлы Әлім Алмат дүниеден озды

Музыкант Әлім Алмат дүниежүзілік соғыста немістерге тұтқынға түсіп Түркістан Легионында болған.

902766
Мұстафа Шоқайдың өкіл ұлы Әлім Алмат дүниеден озды
Alim_Almat_kaz01.jpg
Alim_Almat_kaz03.jpg
Alim_Almat_kaz05.jpg

Мұстафа Шоқайдың өкіл перзенті Әлім Алмат дүниеден озды.

Ыстамбұлдың Этилер ауданында тұратын Мұстафа Шоқайдың өкіл ұлы Әлім Алмат 2018 жылы 1 ақпан күні 101 жаста дүниеден озды. 1917 жылы Ырғызда дүниеге келген Әлім Алмат дүниежүзілік соғыста немістерге тұтқынға түсіп Түркістан Легионында болған.

Соғыстан кейін Париж қаласына барып Шоқайдың зайыбы Мария апамызды тапқан. Музыкант жас жігітке көмектескен Мария оны Түркияға жібереді.

Түркияда мемлекеттік консерваторияда ұзақ жылдар скрипкашы болып қызмет атқарды. Әлім Алматы қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой скрипкашы. Нағашысы Темірбек Жүргеновтың қолдауымен жастайынан музыка білімі ала бастаған.

Консерваторияда оқып жүргенде 1939 жылы ол әскерге шақырылып, Брест қамалына жіберіледі. 1941 жылдың маусымында осында немістердің қолына тұтқынға түседі.

Музыкант екенін білгеннен кейін, бір неміс офицері оны Берлинге жіберген. Сонда Түркістан Легионында істеген. Соғыстан кейін елге оралса, Сталин зобалаңынан өзінің аман қалмайтынын білген Ғалымжан Францияға бет алады. Осында 1947 жылы Мұстафа Шоқайдың зайыбы — Мария апамызға келіп қамқоршылығында болады. Өзінен көп жақсылық көрген марқұм Әлім ағамыз Марияға анам деп отыратын.

Мария Шоқай да өзінің естеліктерінде Әлім Алмат туралы айтады, ол былай дейді: “Бір жылдан кейін Германиядан скрипкашы Әлім келді. Ол өте жақсы скрипкашы болатын. Оған консерватория бітіргені туралы диплом керек болатын. Өзі Москва филармониясының студенті еді. Соғыстың кесірінен оқуын аяқтай алмаған. Мен оны Париждегі Рахманинов атындағы орыс консерваториясына жаздырдым. Бірақ ол профессор Андреевті педагог ретінде ұнатпады, мәшһүр бір француз профессорынан жеке сабақ ала бастады, экстерн ретінде емтиханға кірді. Емтиханды жақсы тапсырып дипломын алған соң Түркияға кетті. Түркияда үйленіп, ресми қызметке тұрды. Қазір жеке дәрістер де беріп, музыкант-педагог ретінде үлкен табыстарға жетіп жүрген көрінеді”.

Кейін атап айтқанда 1950 жылы Әлім Алмат Түркияға барып тұрақтады. Осы жерде Ғалымжан Әбдісәлемұлы деген аты-жөнін өзгертіп, Әлім Алмат атанады.

Музыкант ретінде Ыстамбұлда мемлекеттік консерваторияда скрипкашы ретінде жұмыс істеп 1975 жылы құрметті демалысқа шыққан.

 

Мәлімет және фотосуреттер тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қарадан алынды



Ұқсас жаңалықтар