СКТР-нда үкімет құру жұмыстары

Елде көп партиялы коалиция үкіметі құрылады.

901489
СКТР-нда үкімет құру жұмыстары

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 7 қаңтар күні өткен кезектен тыс жалпы халықтық сайлаудан кейін Республикашыл Түрік партиясы, Халықтың партиясы,  Қоғамшыл Демократия партиясы мен Демократ партия арасында коалиция үшін келісім жасалды.

Президент Мұстафа Акынджы үкіметті құру міндетін сайлаудан екінші орын алып шыққан РТП басшысы Туфан Ерхүрманға берген еді.

РТП төрағасы Ерхүрман ХП басшысы Кудрет Өзерсай, ҚДП басшысы Джемал Өзигит және ДП басшысы Сердар Денкташпен мәжілісте бас қосты.

Төрт партия үкімет құру үшін келісті.

Партия басшылары мен комитет жұмыстары аяқталғаннан кейін коалиция  үкіметінің тізімі ертең президентке ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар