Қазақстан президенті орыс елшісін марапаттады

Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісін қабылдады.

896332
Қазақстан президенті орыс елшісін марапаттады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Михаил Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады.

Ақорданың баспасөз қызметінің жазбаша хабарламасына қарағанда,  Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Бочарниковты дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

Президент Назарбаев қабылдауда Бочарниковтың екі жақты қатынастардың нығаюына қомақты үлес қосқанын айтып: «Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыстарымыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынтымақтастығымыз дамып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулеріміз жиілей түсті. Біздің серіктестігіміз - мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы» деді.

Қазақстан мен Ресейдің халықаралық аренада табысты ықпалдастық орнатқанын білдірген Назарбаев: «Біз халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдаймыз. АҚШ-қа сапарым кезінде Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынас мәселесіне зор мән бердім» деді.

Өкілетті елші Бочарников болса Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы және кезекті төрағалық міндетін атқаруының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қамдалуында елдің маңызын көрсеткеніне назар аударды.

Қабылдау барысында президент Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады.



Ұқсас жаңалықтар