Орталық стадион - UEFA Суперкубогына үміткер

UEFA-ның 2020 жылғы Суперкубогын өткізуге кандидат 9 қала жарияланды.

889384
Орталық стадион - UEFA Суперкубогына үміткер

UEFA-ның 2020 жылғы Суперкубогын өткізуге кандидат 9 қала жарияланды. Кандидат қалалар арасында халықаралық спорттық организацияларда көзге көрініп жүрген Қазақстанның Алматы қаласы мен Орталық стадион да бар.

Алматыдан басқа Португалия, Белоруссия, Финляндия, Франция, Молдова, Албания, Солтүстік Ирландия және Израильдің де қалалары үміткер.

 UEFA Атқару комитеті Суперкубокты өткізетін стадионды 29 наурыз күні жария етеді.

Қазақстан футболында маңызды орны бар  Алматы Орталық стадионы 1958 жылы салынған. Кеңестік спорттық кешен ретінде салынған стадионның сыйымдылығы – 23 804 адам. Стадионды ашылған күннен бері Алматының ең тамырлы командасы Қайрат қолданып келеді.

Стадионда 1960-1990 жылдар арасында Кеңес Одағының көптеген спорттық жарыстары мен 2012 жылы Әлемдік хоккей чемпионаты өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар