Әзірбайжанда турист саны артты

Елге өткен жылы 2 миллион 692 мың турист келді.

884776
Әзірбайжанда турист саны артты

Әзірбайжанға келген турист саны өткен жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 20 пайыз артты. Елге өткен жылы 2 миллион 692 мың турист келді.

Мұнай бағасының төмендеуінен кейін энергия тысындағы секторларға инвестицияны арттырған,  бірсыпыра реформалар жүргізілген Әзірбайжанда осы бастамалардың алғашқы жемістері көріне бастады.

Әзірбайжан шетелдегі таныстырылымдарын арттырды, халықаралық организациялар ұйымдастырды. Сонымен бірге елде Шығанақ елдері секілді көптеген елге виза жеңілдігі берілді. Осындай өзгерістер Әзірбайжанға келген турист санын арттырды.

Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрлігінің деректеріне қарағанда, 2017 жылы елге шамамен 2 миллион 692 мың турист келді. Осы көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда турист санының 20 пайыз артқанын көрсетеді. Әзірбайжанға 2017 жылы Ресейден 853 мың, Грузиядан 537 мың, Ираннан 362 мың, Түркиядан 301 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінен 102 мың, Ирактан 62 мың, Украинадан 57 мың, Сауд Арабиясынан 33 мың турист келген. Қалған 381 мың турист басқа елдерден келген.

Бакуде болған Формула 1 Әзірбайжан Гран при жарысы мен Ислами ұйымшылдық ойындарының төртіншісі секілді халықаралық организациялар да турист санының артуына септігін тигізді.

 



Ұқсас жаңалықтар