Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 25 жыл

Әзірбайжанның Қазақстандағы өкілетті елшілігі дипломатиялық қатынастардың мерейтойына байланысты қабылдау өткізді.

856735
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 25 жыл

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы тойланды.

Әзірбайжанның Қазақстандағы өкілетті елшілігі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың мерейтойына байланысты қабылдау өткізді.

Әзірбайжанның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Рашад Мамадовтың басшылығында болған қабуылдауға Қазақстанға сапарлай келген Әзірбайжан президентінің орынбасары Али Гасанов, Қазақстанда қызмет атқаратын шетелдік миссиялардың басшылары,  дипломаттар мен қонақтар қатысты.

Гасанов қабылдауда сөйлеген сөзінде Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасының терең тарихи тамыры бар екенін айтып, осы қатынастың негізінде географиялық жақындық, ортақ дін мен бір мәдениет жатқанын айтты.

Екі елдің арасындағы байланыстардың тұрақты дамуда екенін айта келе Гасанов «Жүйелі түрде өткізілген екі жақты жоғары деңгейдегі кездесулер,  парламенттер,  министрліктер,  медиа, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық осы жақындықтың тереңдеуін қамдайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар