Македония түрік қозғалыс партиясының жаңа төрағасы сайланды

Түрік қозғалыс партиясы (THP) 3-ші кезекті құрылтайында Энес Ибрахим партияның жаңа төрағасы сайланды.

850738
Македония түрік қозғалыс партиясының жаңа төрағасы сайланды

Македонияның түрік текті депутаты Энес Ибрахим Түрік қозғалыс партиясы (THP) 3-ші кезекті құрылтайында партия төрағалығына сайланды.

Ел астанасы Скопьеде өткен құрылтайда тіркеулі 314 делегаттың 298-і дауыс қолданды. Сайлауға жалғыз үміткер ретінде кірген Ибрахим дауыс көпшілігімен Түрік қозғалыс партиясының жаңа төрағасы сайланды.

Ибрахим сайлаудың артынан жасаған баяндамасында нысаналарының түріктерді Македонияда құрметтелген және қоғамдық құқығы жоғары қылу екенін атап, өзіне берілген қолдауға ризашылығын білдірді.

Берілген қолдауды жақсы пайдаланатынын атап көрсеткен Ибрахим «Енді Македония түріктері ортақ көзқарасқа келетін болады. Біздерге бұл мүмкіншілікті берген Македония түрік саясатында, Түрік қозғалыс партиясында жас саясат қайраткерлеріне әрқашан қолдау берген төрағамыз Аднан Кахилге де алғысымды білдіремін» деді.

Құрылтайға Македония мемлекеттік министрлері, Македония Ішкі істер министрі Оливер Спасовский, Әділет және даму партиясы Сыртқы қатынастарға жауапты төраға орынбасары Мехмет Мехди Экер, Жергілікті әкімшіліктер министрі Сухейл Фазлиу, Әзірбайжан республикашыл халық партиясы төрағасы Бедреттин Гулиев, Түркияның Скопье өкілетті және төтенше елшісі Түлін Эркал Қара және ел көлемін мен шетелден көптеген қонақ қатысты.



Ұқсас жаңалықтар