Терроризм кең қанат жаюда

Назарбаев халықаралық терроризмнің өте қауіпті болғанын айтты.

846593
Терроризм кең қанат жаюда

Назарбаев халықаралық терроризмнің өте қауіпті болғанын айтты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2016 жылы лаңкестік әрекеттер 104 елде болды, бұл дегеніміз әлемнің тең жартысы. Яғни географиялық және масштабтық тұрғыда біз үшінші дүниежүзілік соғысындамыз. Соның ішінде дамушы және дамыған елдерде де лаңкестіктер болып жатыр» деді.

Президент Назарбаев елордасы Астанада Назарбаев Орталығында ұйымдастырылған Үшінші Астана клубы жиналысында жасаған баяндамасында халықаралық терроризмнің өте қауіпті болғанын айтты.

«Терроризм шекараға қарамауда. Бүгін әлемнің әрқандай бір түйіні күйреуі мүмкін» деген сөздер қолданған Назарбаев соңғы жылдарда террор әрекетінің 10 есе артқанына назар аударды.

«Әлемдік және өңірлік державалар Таяу Шығыстағы ИГИЛ лаңкестік ұйымына қарсы күрес жүргізіп жатқанына қарамастан, олар басқа да жерлерден ұйымдар ашуы мүмкін, ал бұл дегеніміз Еуразия үшін өте қауіпті» - деп қорытындылады Назарбаев.

Жаһандық дағдарыс алдында қаруларға деген талаптың артқанына тоқталған Назарбаев әскери шығынның өткен жылы 1,7 триллион долларға жеткенін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар