Шымкент қаласында «Түрік кинофильм апталығы» басталды

Түрік фильмдері апталығында «Ұзын хикая», «12», «Көзімнің нұры», «Соңғы хат» сынды Түркияда танымал болған фильмдер көрсетіледі.

839113
Шымкент қаласында «Түрік кинофильм апталығы» басталды
Kazakistan_Film

Қазақстанның Шымкент қаласында «Түрік кинофильм апталығы» басталды.

ТР Мәдениет және туризм министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан акиматының қолдауымен Еуразия азаматтық қоғам ынтымақтастығы қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген шараның беташарына Қазақстанның Анкарадағы бұрынғы өкілетті және төтенше елшісі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансейіт Түймебаев, Еуразия азаматтық қоғам ынтымақтастығы қоғамының төрағасы Исмаил Сафи және көптеген қонақ қатысты.

Түймебаев осында сөйлеген сөзінде шараның маңызына назар аударып, «Түрік фильмдерін Қазақстан халқына ұсынып отырмыз. Осы шараға қатысқан азаматтарға алғыс айтамын» деді.

Сафи де Шымкентке келгендерін ризашылықтарын білдіріп: «Осында өнер қайраткерлері және ағартушылардан тұратын 25 адамдық делегациямен келдік.  Бір апта бойы түрік фильмдерін қазақ бауырларымызға таныстырамыз» деді.

Беташардан кейін «Көгілдір береткалықтар: Сирия» атты фильм көрсетілді.

Түрік фильмдері апталығында «Ұзын хикая», «12», «Көзімнің нұры», «Соңғы хат» сынды Түркияда танымал болған фильмдер көрсетіледі.

Апталық жексенбі күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар