Киркукке жаңа губернатор тағайындалды

Ирактың Киркук қаласында Ракан Саит жаңа губернатор ретінде тағайындалды.

829383
Киркукке жаңа губернатор тағайындалды

Ирактың Киркук қаласында губернатор орынбасары Ракан Саит жаңа губернатор ретінде тағайындалды.

Губернаторлық ғимаратында болып өткен баспасөз жиналысында мәлімдеме жасаған жаңа губернатор Саит «Киркук губернаторлығы міндетіне орталық Бағдат үкіметі тарапынан тағайындалдым. Қаладағы тіршіліктің қайта қалпына келтіру үшін губернаторлық міндетін қабылдаймын» деді.

Киркуктың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшімен жұмыстанатындарын атап көрсеткен Саит «Киркук Қауіпсіздік комиссиясы басшылығы міндетін де атқарғанымыз бұл қалада қауіпсіздікті үкіметтің қолдауымен қамтамасыз етеміз» деді.

Саит тіршіліктің қалпына түсуі үшін қажетті барлық қадамдарды басатындарын атап, «Қаладағы барлық  мемлекеттік мекемелер мен қоғамдар үздіксіз жұмыстарын атқарады және мектептерде оқу процесі жалғасады» деді.

Жаңа губернатор Саит операциялар себепті көптеген жанұяның қаладан кеткеніне назар аударып, Киркуктен кеткен барлық жанұялардың оралуы үшін қажетті шараларды қабылдағандарын білдірді.

Ирак Мәжілісі бұрынғы губернатор Неджметтин Керимді 14 қыркүйек күні дауыс көпшілігімен міндетінен босатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар