Әзірбайжанда әскери жаттығу

Әзірбайжан армиясы 15 мың әскер қатысқан кең көлемді бір әскери жаттығуға бастады.

809134
Әзірбайжанда әскери жаттығу

Әзірбайжан армиясы 15 мың әскер қатысқан кең көлемді бір әскери жаттығуға бастады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Президент Илхам Алиев бекіткен жоспар бойынша түрлі армия жасақтары қатысқан кең көлемді әскери жаттығуының басталғанын білдірді.

Таулы жерлерде өткізілген жаттығуға 15 мың әскер қатысуда.

Жаттығуда сонымен қатар 150 мың танк пен қарулы көлік, 120 түрлі зымыран мен зеңбірек жүйесі, 20 ұшақ пен тікұшақтар, жаңа технологиядағы жойғыш көліктер мен ұшқышсыз көліктері де орын алады.

Жаттығу 22 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

Енді бір жағынан Әзірбайжан мен Түрік Әуе күштері бірлесе отырып ұйымдастырған «Түрік-Аз Бүркіті-2017» аты жаттығуы да басталды.

Жаттығуда екі елден Mig-29, F-16, Su-25  соғыс ұшағы, C-130 жүк ұшақтары, CASA CN-235 ұшақтары, Mi-35, Mi-17 және Sikorski S-70 соғыс ұшақтары және тікұшақтарынан құралған 30 әуе көлігі орын алуда.

Бұл жаттығу 30 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

 



Ұқсас жаңалықтар