Ашғабадта V Азия ойындары басталды

Ашылу салтанатына көрші елдердің президенттері қатысты.

809306
Ашғабадта V Азия ойындары басталды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ауғанстан мемлекет басшысы Ашраф Ғани, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Пәкістан мемлекет басшысы Мемнун Хүсейін, Тәжікстан президенті Имамали Рахман V Азия ойындарының ашылу салтанаты үшін Ашғабадқа келді.  Татарстан, Молдова және Армения басшылары да салтанатты жиынға қатысушылар арасында болды.

Салтанатты ашылу жиынына айырықша көптеген елдің үкімет өкілдері мен спорт қайраткерлері қатысты. Жиында Түркия атынан Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак орын алды.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Пәкістан,  Ауғанстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Молдова,  Армения мемлекет басшылары және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедевпен де кездесу өткізді.

    Түрікмен басшы ашылу салтанатынан бұрын мемлекет және үкімет басшылары құрметіне қонағасы берді.  Артынан қонақтар Ашғабад Олимпиада стадионына барып,  ашылу салтанатына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар