Өзбекстан Түркияға алғыс айтты

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Түркияға алғыс айтты.

807116
Өзбекстан Түркияға алғыс айтты

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Түркияға алғыс айтты.

Камилов Түркияға Өзбекстанда құрылатын Имам Бухари ғылыми зерттеу орталығы және Ислам өркениеті орталығына қолдау беруге дайын екенін жариялағанына байланысты алғыс білдірді.

Камилов ұлттық теле арнада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен ТР президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанның елордасы Астанада болған ИЫҰ саммиті аясында кездескенін еске салды.

Кездесуде Самарқандта Имам Бухари ғылыми зерттеу орталығы мен Ташкентте Ислам өркениеті орталығының құрылуы тақырыбында көзқарастар тілге тиек етілгенін білдірген Камилов «Кездесу барысында Түркия тарабы Өзбекстанда құрылатын осы екі орталыққа қажетті барлық қолдауды беруге дайын екенін мәлім етті.  Біз де бұған алғыс білдіреміз» деді.

Камилов Өзбекстанның президенті Мирзиеевтің қазан айында Түркияға ресми сапар ұйымдастыратынын,  сапарда екі ел арасындағы қатынастардың жетілдірілуінің қолға алынатынын атап көрсетті.

Өзбек Сыртқы істер министрі аталмыш сапарда жаңа жобалардың күн тәртібіне келетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар