ИЫҰ саммиті Астанада өтеді

Саммитте Ислам әлемінің ғылым және технологиялық модернизациясы үшін саяси қолдау процесін бастауды мақсат еткен Астана декларациясы қабылданады.

802769
ИЫҰ саммиті Астанада өтеді

Астанада Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технология саммиті өтеді.

Саммитте Ислам әлемінің ғылым және технологиялық модернизациясы үшін саяси қолдау процесін бастауды мақсат еткен Астана декларациясы қабылданады.

Қазақстан бірінші рет ИЫҰ Ғылым және технология саммитін өткізгелі отыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14-15 сәуір күндерінде Стамбулдағы саммитте ұсынған ұсынысына орай саммит Астанада болады.

Саммитке ИЫҰ-на мүше 57 елдің мемлекет басшылары мен премьер-министрлері келеді.  Сонымен бірге бақылаушы елдер мен халықаралық ұйымдардан 80-ге тарта делегация қатысады.

ТР президенті Режеп Тайып Ердоғанның да саммитке қатысуы жоспарлануда.

ИЫҰ елдерінің Ғылым және технологияға жауапты министрлері де бас қосатын саммитте қонақ делегациялар 10 қыркүйекте Астана Экспо 2017 көрмесінің жабылу салтанатына  қатысады.



Ұқсас жаңалықтар