Бизнес форум болып өтті

Астанада Қазақстан-Түркия Бизнес форумы өткізілді.

787919
Бизнес форум болып өтті

Қазақстанның бас қаласы Астанада Экспо 2017 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан-Түркия Бизнес форумы өткізілді.

Форумға ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчи, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров және көптеген іскер қатысты.

Ерлан Қайыров осында сөйлеген сөзінде елде түрік азаматтары үшін барлық мүмкіндіктер қалыптастырылғанын айтып: «Түркиямен қарым-қатынасты жоғары деңгейге шығаруымыз қажет» деді.

Қазақстандағы инвестициялардың мемлекеттік қамқорлығында екенін атап көрсеткен Қайыров көптеген қазақ және түрік компаниясының тығыз ынтымақтастықта екенін тілге тиек етті.

Түркия салқындату өнеркәсібі экспортшылар одағы Атқару комитеті төрағасы  Зеки Пойраз да форумның маңызына назар  аударып,  Түркия өндірге сапалы өнімдерді Қазақстанға таныстыруға тырысқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар