Қазақстан Мысырға нота жіберді

Нота Мысырдың Қазақстандағы өкіліне табыс етілді.

781654
Қазақстан Мысырға нота жіберді

Қазақстан Мысырда Қазақстанның алты азаматының қандай себептермен қамауға алынғаны айтылмағаны себепті наразылық нотасын жіберді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Каирде 19 шілде күні Қазақстанның алты азаматының қамауға алынғанынан бері 12 күн өткеніне қарамастан Мысырлық лауазым иелерінің қамау себебін ашып айтпағандарын, азаматтардың қай жерде қамауда жатқаны жөнінде мәлімет бермегенін атап көрсетті.

Жайнақов Мысыр қауіпсіздік органдарымен жүргізілген келіссөздерден де нәтиже шықпағанын білдірді.

Қазақстанның Мысырдағы төтенше және өкілетті елшісінің Мысыр Жоғары Атазаң соты төрағасы және Мысыр президентінің қауіпсіздікке байланысты орынбасарымен де кездескені, алайда жағдайдың өзгермегені білдірілді.

Осы тақырыптағы нота Мысырдың Қазақстандағы өкіліне табыс етілді. 



Ұқсас жаңалықтар