Қырғызстанда «Ойма-2017» қол өнері фестивалі

Қол өнері фестивалінде қол өнер шеберлері мен дизайнерлердің өнімдері таныстырылды.

779376
Қырғызстанда «Ойма-2017» қол өнері фестивалі
Kırgızistan_el_işi_festival_oimo

Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте «Ойма-2017 фестивалі басталды.  Қол өнері фестивалінде қол өнер шеберлері мен дизайнерлердің өнімдері таныстырылды.

Фестиваль Бішкек акиматы және халықаралық ұйымдардың үлесімен ұйымдастырылды.  Биыл 12-ші мәрте өткен фестиваль Құрманжан Датқа алаңында азаматтар мен туристердің ықыласына бөленді.

Ұлттық өнерге халықтың қызығушылығын арттыру, мәдениеттер арасы диалогқа үлес қосуды мақсат еткен фестивальдің ашылу салтанатына елдің бұрынғы президенті Роза Отынбаева қатысты.

Аталмыш фестивальге Қырғыз Республикасы,  Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 150-ге тарта шебер қатысуда.

Осы фестиваль 1-3 тамыз күндері арасында да елдің туризм орталығы Шолпан-Ата қаласында жалғасын табады.



Ұқсас жаңалықтар