Түрік әлемі спортшылары Бурсада бас қосады

Шараға 23 елден 215 спортшы мен мәдениет саласының 50 өкілі қатысады.

772372
Түрік әлемі спортшылары Бурсада бас қосады

Бурса қалалық муниципалитеті екінші рет ұйымдастыратын «Түрік әлемі Ұлттық спорт фестивалі» Коджаяйлада болады.

Шараға 23 елден 215 спортшы мен мәдениет саласының 50 өкілі қатысады.

Ұлттық спорт фестивалі 22-23 шілде күндері өтеді.

Фестивальге Түркиядағы йөрүк-түрікмен азаматтық қоғам өкілдері де қатысады.  Фестиваль аясында көкпар, күрес түрлері, ат жарыстар,  мангала,  садақ ату,  асық секілді ұлттық ойындар ойналады.

Сондай-ақ «Домбыра» әнінің авторы, ақын Арыстанбек Сұлтанбеков және Киркүктен келген әншілер Ахмет Тузлу мен Осман Авджы сахнаға шығады.

Ұлттық спорт фестивалінде қырғыз, қазақ,  кавказ фольклоры және ақындар айтысы да көрсетіледі.

Қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек,  түрікмен, татар,  ноғайлардың қол өнерлері,  мәдени бұйымдары мен ұлттық киімдері таныстырылады.

Шара аясында сонымен бірге Көктүрік әліпбиін үйрететін сабақ беріледі.



Ұқсас жаңалықтар