Қазақстанның төлқұжаты "мықты"

Қазақстан мен Қырғызстанның төлқұжаттары  Орталық Азияда «ең мықты» деп танынды.

772390
Қазақстанның төлқұжаты "мықты"

«Passport Index» агенттігі виза таңдауы тұрғысынан елдердің тізімін жариялады.  Тізімде Қазақстан мен Қырғызстанның төлқұжаттары  Орталық Азияда «ең мықты» деп танынды.

Агенттік тізімінде төлқұжаттың «мықтылығы» визасыз бара алатын елдер санына қарай анықталды.

Азаматтары 71 елге визасыз бара алатын Қазақстан аталмыш тізімде 56-шы кезекте.  Қырғызстан болса 58 елге визасыз бара алады.  Ол тізімде 68-ші кезекте. Тәжікстан азаматтары 54 ел, Түрікменстан азаматтары  48 елге визасыз бара алады.

Тізімде Германия мен Сингапур бірінші орында. Осы елдің азаматтары 158 елге визасыз барады.

Ауғанстан болса соңғы кезекте. Осы елдің төлқұжатына ие азаматтар тек 24 елге визасыз бара алады.



Ұқсас жаңалықтар