Экспоға бір айда 1 миллионға жуық адам келді

Астана Экспо 2017 Халықаралық Энергия көрмесіне бір айда шамамен 1 миллион адам келді.

768384
Экспоға бір айда 1 миллионға жуық адам келді

Қазақстанда 10 маусым күні қақпасын ашқан Астана Экспо 2017 Халықаралық Энергия көрмесіне бір айда шамамен 1 миллион адам келді.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев баспасөз брифингінде көрмеге бір айда 921 мың 293 адамның келгенін білдірді.  Еркімбаев Қазақстанның павильоны «Нұр Әлеміне» 835 мың адам келгенін, оның 130 мыңының шетелдік екенін атап көрсетті.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару жөніндегі департамент директоры Илья Оразақов та ең көп адам келген павильондар арасында Түркия,  Ресей, Өзбекстан, Германия,  Үндістан, Оңтүстік Корея және Африка елдері бар екенін айтты. Ол көрменің аяғында ең табысты павильонға марапат берілетінін де білдірді.

Негізгі тақырыбы «Тұрақты энергия үшін жаһандық энергия» болып табылатын Түркия павильоны шамамен мың шаршы метр алаңға орналасқан.  Кіре берісте су диірмені орнатылған Түркия павильонында елдің жаңаланатын және балама энергия көздерімен бірге кендері жөнінде де көріністер бар.

Астанада 10 маусым күні басталған Экспо 2017 көрмесі 10 қыркүйек күніне дейін жалғасады. Көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар