Қазақстан Сирияға әскер жолдау тақырыбында келіссөз жүргізбегенін білдірді

Бұл туралы ҚР СІМ мәлім етті.

758483
Қазақстан Сирияға әскер жолдау тақырыбында келіссөз жүргізбегенін білдірді

Қазақстан Сирияға әскер жолдау тақырыбында келіссөз жүргізбегенін білдірді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында «Мүдделі тараптардың кездесуі үшін Қазақстанның Астанада алаң ұсынуы еліміздің Сирия дағдарысын реттеудегі нақты үлесі болып табылады» деп айтылды.

Хабарламада сондай-ақ «Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы қақтығысты бәсеңдетудің төрт аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігі қандай жолмен қамтамасыз етілетіні туралы мәселе Астана процесі кепілгер елдерінің құзырында. Олар осы және басқа да мәселелерді Қазақстан елордасында 4-5 шілдеде кезекті кездесу барысында талқылайтын болад» делінді.

Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитеті төрағасы Владимир Шаманов Ресейдің Қазақстан және Қырғызстанмен Сирияға әскер жолдау тақырыбын талқылап жатқанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар