Үкіметтер арасы аралас экономикалық комиссияның жиналысы

Халықаралық Әмір Темір Фонды ашылды.

739649
Үкіметтер арасы аралас экономикалық комиссияның жиналысы

Түркия-Өзбекстан Үкіметтер арасы аралас экономикалық комиссиясының 4-ші кезең жиналысы Ташкентте болып өтті.

Вице-премьер Тугрул Түркеш жиналыста екі ел арасындағы сауда айналымының арттырылуы керектігін айтты.  Қазірге дейінгі кездесулерде маңызды жетістіктерге қол жеткізілгеніне назар аударған Түркеш: «Талапты және қызығатын іскерлер бар.  Бізге олардың жолын ашу,  сауда-экономикалық қатынастарды жетілдіретін қадамдарды басу жүктеледі» деді.

Экономика министрі Нихат Зейбекчи де экономикалық және сауда қатынастары мықты болған жағдайда саяси қатынастардың да жақсы болатынына назар аударып,  сауда келісіміне байланысты істің дереу басталатынын білдірді.

Мәдениет және туризм министрі Наби Авджы  да Түркия мен Өзбекстан арасындағы туризм келісіміне 1998 жылы қол қойылғанын айтып,  жаңартылуы керектігін білдірді.

Өзбекстан атынан сөз сөйлеген вице-премьер Рүстем Азимов та Түркияның беделді компанияларының Өзбекстанда инвестиция салуына қуанатындарын айтты.

Аралас экономикалық кеңес жиналысынан кейін өнеркәсіп,  сауда және туризм салаларында хаттамаларға қол қойылды.

Вице-премьер Тургул Түркеш пен Экономика министрі Нихат Зейбекчи Ташкентте Халықаралық Әмір Темір Фондының ашылу салтанатына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар