"Қауіпсіз аймақ құру жөніндегі келісімге" Астанада қол қойылды

Келісім мәтініне атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Түркия, Ресей және Иран қол қойды.

725960
"Қауіпсіз аймақ құру жөніндегі келісімге" Астанада қол қойылды

Қазақстанның Астана қаласында болып өткен Сириядағы жағдайды реттеу бойынша төртінші жоғарғы деңгейдегі отырыс аясында "Сирияда қауіпсіз аймақтар құру жөніндегі келісімге" қол қойылды.

Осыған қарағанда Идлиб, Хомустың солтүстігі, Шығыс Гута және Сирияның оңтүстігін қамтитын 4 қауіпсіз аймақ құрылмақ.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов «Кепілдік беріп отырған мемлекеттер Сирияда қауіпсіз аймақ құру жөніндегі келісімге қол қою тақырыбында келісті» деді.

Абдрахманов процеске қатысты келесі жиналыстың шілде айында өткізілетінін де жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейге кеше ұйымдастырған ресми сапары барысында жасаған мәлімдемеде Мәскеу әкімшілігімен «Сирияда қауіпсіз аймақ» тақырыбында келіскендерін жариялаған, мұны іске қосумен мәселенің 50 пайыздай шешілетіні деген мағынаға келетінін атап көрсеткен болатын.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса Сирияның Идлиб қаласында «қауіпсіздік аймақ» құрудың елдегі қақтығыстарды толығымен тоқтатудың жолын ашатынын мәлімдеді.

Лавров Финляндия Сыртқы істер министрі Тимо Сойнимен кездесуінің артынан өткізген баспасөз жиналысында президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің кешегі кездесуінде күн тәртіпке келген Идлиб аймағында "қауіпсіз аймақ құру" тақырыбында мәлімдеді.

Лавров «Қауіпсіз аймақ құру Сириядағы қақтығыстардың тоқтауы үшін маңызды бір қадам болады» деді.

Сирия режимінің Идлибте қауіпсіз аймақ құруды қабылдағанын атап көрсеткен Лавров қазір тараптардың тақырыппен байланысты Астана келіссөздерін жалғастырып жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар