Түріксой 14-ші фотографтар кездесуі басталды

Түркі әлемінен 16 фотографқа бас қостырған шара 2017 жылдың Түркі әлемінің мәдениет астанасы Түркістан қаласында өтіп жатыр.

716873
Түріксой 14-ші фотографтар кездесуі басталды

Қазақстанда Түріксой 14-ші фотографтар кездесуі басталды.

Түркі әлемінен 16 фотографқа бас қостырған шара 2017 жылдың Түркі әлемінің мәдениет астанасы Түркістан қаласында өтіп жатыр.

Шара аясында фотографтардың аймақтағы тарихи және мәдени мұраларды түсірген суреттері көрмеге қойылады.

Түркістан қаласындағы Түріксой фотографтар кездесуінің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков және Түркия, Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Татарстаннан келен фотографтар қатысты.

Осында сөз сөйлеген Сәдібеков аймақтық таныстырылуы үшін осы шараның маңызын атап көрсетті.

Кездесу аясында фотографтар төртке бөлініп, аймақтағы тарихи және мәдени мұраларды аралап, суретке түсіреді. Осы суреттер «Түркі әлемі фотографтарының көзімен Түркістан» деген көрмеде орын алады.

Түріксой фотографтар кездесуі 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.



Ұқсас жаңалықтар