Анкарада Түркі тілі мен әдебиетін оқыту симпозиумы болып өтті

Симпозиумға Қазақстанның белгілі түркологтары мен ғалымдары қатысты.

715627
Анкарада Түркі тілі мен әдебиетін оқыту симпозиумы болып өтті

Халықаралық Түркі тілі мен әдебиетін оқыту симпозиумының ІІ-сі 17-18 сәуір күндері Анкарадағы Гази Университетінде болып өтті.

Түркияның белгілі түркологтарының бірі профессор доктор Фуат Көпрүлүге арналған симпозиумға түркі әлемінің түкпір-түкпірінен тіл, әдебиет, социология және т.б. түркология салаларының белгілі ғалымдары қатысып, түрік тілі мен әдебиетін оқыту тақырыбы аясында келелі мәселелер көтерді.

ТИКА, Түрік тілі қоғамы, Халықаралық Түріксой Ұйымы, ЮНЕСКО Түркия ұлттық комиссиясы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Гази Университеті және Анкара Муниципалитетінің қамқоршылығымен ұйымдастырылған симпозиумға Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысты.



Ұқсас жаңалықтар