Ясауи Университетіне бірінші орын

«Түркі әлемі мәдениеті және өнері» атты халықаралық симпозиумға университет студенті Капитон  Львов қатысты.

702184
Ясауи Университетіне бірінші орын
Yesevi Üniversitesi Kazakistan kazakça

Қырғызстан Ғылымдар Академиясы ұйымдастырған симпозиумда Қожа Ахмет Ясауи Университетіне бірінші орын берілді.

Қырғызстан Ғылымдар Академиясы тарапынан ұйымдастырылған «Түркі әлемі мәдениеті және өнері» атты халықаралық симпозиумға университет студенті Капитон  Львов қатысты.

23-25 наурыз күндері арасында Бішкекте болған симпозиумда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің 4-ші курс студенті Капитон Львов «1990-2000 жылдары арасында Саха (Якутия) Республикасының Сыртқы және федералдық қатынастарының саяси және құқықтық тұрғыдан анализі» тақырыбымен мәлімдеме оқыды.

Университет атынан мәлімдеме оқыған Львовтың баяндамасы Қырғызстан Ғылымдар Академиясы тарапынан үздік баяндама деп сайланып,  бірінші орын берілді.

Капитон Львовқа алтын медаль, сертификат және жеңімпаз құжаты табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар